Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі тәртіпсіздіктерге байланысты 1 822 қылмыстық іс қозғалған

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздік кезіндегі полиция
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" атты шұғыл алдын алу шараларының жүзеге асырылу барысын баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

"Халықтан заңсыз сақтап отырған қаруларын алу ісі жалғасуда. Ведомствоның мәліметі бойынша терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі жеке қауіпсіздік департаменті жанынан сенім телефоны іске қосылғаны белгілі болды.

Министрдің айтуынша, ұсталған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құқық қорғау ұйымдарымен тығыз ықпалдастық орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952490-elimizdegi-tartipsizdikterge-bailanysty-1-822-qylmystyq-is-qozgalgan/

pixel