Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі екенін дәлелдей алмай жүр": Ота жасатпақ болған петропавлдық зейнеткер жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Алмагүл Есенбердина
Алмагүл Есенбердина. Кадр: YouTube/ktk.tv

Петропавл тұрғыны, зейнеткер Алмагүл Есенбердина өзінің тірі екенін дәлелдеумен әлек. Техникалық қателік нәтижесінде ол мәліметтер базасында өлі ретінде тіркеліп кеткен. Енді тірі адам дәрежесін қайтаруға әрекет етіп келе жатқанына бір айдан асты, деп хабарлайды КТК.

"Өлім туралы анықтаманы алып көргенімде ол жерде шынымен де мен туралы ақпарат екенін біліп, не дерімді білмей қалдым. Әлі түсініксіз күйде жүрмін", – дейді Алмагүл.

Өзінің өлгені туралы Алмагүл кездейсоқ білгенін айады. Жоспарланған отаға дайындалу кезінде ол өзі туралы жаңа деректі анықтаған. Құжаттарды рәсімдейтін кезде медициналық портал оның тірілер қатарында жоқ екенін айтады. Ал істің мән-жайын анықтауға кіріскен кезде, мәселе тіптен күрделене түсіпті.

"Маған зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан хабарласып, қаңтар айына зейнетақы жібергенін айтады. "Бірақ ақпан айына бере алмаймыз. Өйткені сіз әлі қызыл сызықта өлі ретінде шығып тұрсыз" деп айтады. Мен болсам: «Неге олай? Қай жаққа хабарлассам болады?» деп сұрағанымда: «Екібастұзға барыңыз. Бірдеңе керек десеңіз хабарласыңыз. Қалай шешсеңіз, солай шешіңіз» деген жауап алдым», - деп есіне алады тұрғын.

Алмагүлдің өзінің тірі екенін дәлелдеуге тырысып, түрлі инстанциялардың табалдырығын тоздырғанына бір айға жуық уақыт өтті. Бірақ оған ешкім мәселенің шешімін айта алмаған. Алмагүл телеарнаның түсірілім тобымен бірге ХҚКО-ға барғанымен, бірақ мұнда да оған ешкім көмектесе алмады.

"Бізде ХҚКО-дағы бағдарлама біріктірілген. Яғни адам кез келген мемлекеттік қызметті алуға келгенде, мәліметтер түрлі бағдарламалар мен ведомстволардан жүктеледі. Яғни, ЖСН-ге қатысты ақпараттарды түзете алмаймыз", - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Виталий Кирющенко.

Прокуратура өтініш білдіргеннен кейін ғана оның өлімі туралы жазбаны жоюға мүмкін болды. Содан кейін барып ол вакцинация паспортын алды.

"Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Есенбердина азаматтардың қайтыс болу деректерін тіркеуді жүзеге асырған Екібастұз қаласының АХАТ бөлімі қызметкерінің техникалық қатесіне байланысты Есенбердина есімді азаматша 2021 жылғы 21 желтоқсаннан бастап барлық деректер базасында қайтыс болды деп есептелді. Қазіргі уақытта өлім туралы актілік жазбаның күші жойылды", - деп хабарлайды Петропавл прокуратурасының прокуроры Әмір Рахимов.

АХАТ тарапы да қате кеткенін растады.

"Тексеру кезінде 2021 жылғы 21 желтоқсанда акт жазбасы медициналық куәлік негізінде тіркелгені анықталды. Ол АХАЖ ақпараттық жүйесіне интеграция жолымен келіп түсті. Алайда медициналық куәлікті қалыптастыру кезінде медициналық мекеме қайтыс болған адамның ЖСН-інен қате жіберді. Қате кеткені анықталған соң дереу жою шаралары қабылданды. Сол күні ЖСН бойынша тірі екендігі туралы мәртебе белгіленді", - деп мәлімдеді Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы Майя Сатвалдинова.

Бірақ цифрлық жүйедегі мәліметтер базасында зейнеткер әлі де "өлген" деп тіркеліп тұруы әбден мүмкін. Алмагүл болса қатені түзетуге неге сонша уақыт кететінін түсіне алмай дал.

"Бізде арнайы бағдарламашылар бар. Біз солармен, Әділет министрлігімен хабарласып, сол жерде сұрау саламыз. Бізде Әділет департаменті, облыстық АХАЖ бар солармен бәрін талқылаймыз. Әрі қарай бұл қалай жүзеге асатынын мен сізге айта алмаймын", - деп жауап берді Петропавл әкімдігінің АХАТ бөлімі басшысының м.а. Айнұр Жарасова.

Алмагүл Есенбердина құжаттарды реттеймін деп жүріп, күйзелістен денсаулығы күрт нашарлағанын айтады. Енді бір емес, екі күрделі операция қажет. Ал "өлілердің" санатына енгізгендерден ол моральдық шығынды өндіріп алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953998-tiri-ekenimdi-daleldei-almai-zurmin-ota-zasatpaq-bolgan-petropavldyq-zeinetker-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel