Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды

Опубликовано:

Ғалымжан Ниязов
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында өңір әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады", - деп хабарлады ведомстводан.

Сот шенеунікке қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

"Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды", - деп толықтырды Департаментте.

Еске салайық, Ғалымжан Ниязов 2017 жылдың қараша айында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954633-mangystau-oblysy-akiminin-orynbasary-galymzan-niyazov-ustaldy/

pixel