35 градус ыстық, өткінші жаңбыр: 1 маусымда ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Астана, Алматы мен Шымкентте 1 маусымда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,2 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, сылбыр жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,4 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 34 градусқа дейін жетіп, түнде 23 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 10,6 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2382657-35-gradus-ystyq-otkinshi-zhangbyr-zhazdyng-algashqy-kuni-el-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/