jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Алматы халқы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Классик жазушының соңғы сапары
фото: Ришат Асқарбекұлы

Алматыда классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды. Әйгілі қаламгер 98 жасына қараған шақта бақиға аттанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаламгермен қоштасу сәтінен суреттерді журналист Ришат Асқарбекұлы жариялады.

Жазушымен қоштасуға елімізге танымал көптеген тұлғалар келкен. Олардың қатарында бұрынғы премьер-министр әрі Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев, қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен Қырымбек Көшербаев та бар.

Жазушы көз жұмды
фото: Ришат Асқарбекұлы

Жазушы Дулат Исабеков пен Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ақын Маралтай Райымбекұлы мен жазушы Төлен Әбдік те классикпен қоштасуға келді.

Әбдіжәміл Нұрпейісов соңғы сапары
фото: Ришат Асқарбекұлы

Әбдіжәміл Нұрпейісов - әлемнің бірнеше тіліне аударылған "Қан мен тер" трилогиясының авторы. Сондай-ақ, Арал теңізінің жағдайын баяндайтын "Соңғы парыз" романын жазды.

Былтыр жазушының жұбайы Ажар Ілиясова көз жұмған.

Алматы халқы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.