Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалаңаш күйде салқын бөлмеге қамап қойған": Павлодарда балабақшада тексеріс жүріп жатыр

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар тұрғыны балабақша қызметкерлерінің үстінен шағымданды. Келіншектің мәлімдеуінше, тәрбиешілер тамақтануға кетпес бұрын 1 жас 10 айлық қызды толық шешіндіріп, суық бөлмеде қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодарлық әйел өзінің шағымы мен бейнебақылау камерасының видеосын Instagram желісінде жариялаған.

Кадрларда жұмысшының киімі шешілген кішкентай қызды бөлмеге кіргізгенін көруге болады. Содан кейін әйел тамақтануға отырғаны көрсетіледі.

"3 ақпанда менің 1 жас 10 айлық қызымды жалаңаш, іш киімсіз суық бөлмеге 42 минутқа қамап қойған, содан кейін өздері тамақтануға кеткен. Балабақша құрылтайшысы мен меңгерушісі тәрбиеші мен оның көмекшісінің бұл әрекетін, неге осылай істегенін түсіндіре алмады. Олардың бірінің аяғы ауыр екенін ғана айтты", - дейді келіншек.

Жағдайға қатысты Павлодар білім бөлімі пікір білдірді.

"Зерек бала" балабақшасы жекеменшікке тиесілі. Шағым қалалық прокуратураға берілді. Аталған факті бойынша құрылтайшыға хабарланды. Мән-жайы анықталып жатыр. Жағдайды зерделеу мақсатында ертең білім бөлімінің қызметкерлері балабақшаға барады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955160-zalanas-kuide-salqyn-bolmege-qamap-qoigan-pavlodarda-balabaqsada-tekseris-zurip-zatyr/

pixel