jitsu gif

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 17 рейс кешікті

Жолаушылар әуежайда отыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін елорда әуежайында қолайсыз ауа райы салдарынан 17 рейс кешікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстің кешіккені туралы ақпарат Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының ресми сайтында пайда болды.

Әуе компаниясының өкілі Анвар Шалекенов 17 рейс кешіккенін хабарлады.

"Қаладағы метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұшуға 10 рейс, ал қонуға 7 рейс кешікті. Жолаушыларан әуе компаниялардың call-орталықтары мен әуежайдың анықтама орталығынан өзекті ақпаратты білулеріңізді сұраймыз",- деді Шалекенов.

Gismeteo порталының дерегіне сәйкес, бүгін Нұр-Сұлтанда қар жауып жатыр, жел секундына 15 метр ұйытқуда. Термометр бағаны 11-14 градус аязды көрсеткенімен, жел салдарынан ауа температурасы 20 градус ретінде сезіліп тұр.

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 17 рейс кешікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.