Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аурухана ауласында қар тазалап жүрген медицина қызметкерлері қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Алматыда қар тазалауға шыққан медицина қызметкерлері
Скриншот: aitube.kz/ЭК

Желіде Алматы қаласындағы №5 аурухана мейірбикелерінің медициналық мекеме ауласында қар тазалап жүрген видеосы тарады. Аталған видео желіде қызу пікірталас тудырды. Кей қолданушылар видеодағы көрініске қатысты негативті пікірлерін жазса, екіншілері оның еш әбестігі жоқ екенін алға тартты. Бұл жайтқа аурухананың бас дәрігері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған видео Instagram желісіндегі Zhest_kz парақшасында жарияланған.

"Қар тазалайтын ешкім жоқ, ауруханадағы мебдикелер қар тазалап жүр", - дейді видео авторы.

Оқырмандар медицина қызметкерлері бұл еңбегі үшін қосымша ақы алмайтынын жарыса жазуда.

"Таразда барлық ауруханалар мен емханаларда қысы-жазы медицина қызметкерлері өздері тазалық жұмыстарын жүргізеді. Түнгі ауысымнан кейін бас дәрігердің нұсқауымен қалдыратын кездер де болады. Бұл бос сөз емес, өзім медицина қызметкерінің жарымын. Кез келген аурухана мен емхананы тексеріңіздер", – деген пікір қалдырды желі қолданушысы.

Кейбірі кадрдан ешқандай ерсі дүние байқамағанын айтуда.

"Неткен санасыздық? Бұл аурухананың жеке аумағы. Жұмысшылар әрқашан қар тазалауға шығады. Енді келіп әбден жалқауланып алған. Сиқыршы келіп, бәрін реттестіреді деп ойлайды", – деп жазды екінші бір қолданушы.

"Экспресс К" басылымының жазуынша, қызу талқыға түскен видеоға қатысты №5 ауруханының бас дәрігері де пікір білдірді.

Оның айтуынша, қарды кіші медицина қызметкері өз еркімен тазалаған екен. Өйткені, дәл сол уақытта аула сыпырушысы қар тазалап үлгермей жатқан, дейді ол.

"Сол күні қар көп жауды. Ол жолмен жүкті науқастар жүреді. Бұл - бөлек кіретін есік. Ол уақытта аула сыпырушысы басқа аймақты тазалап жүрген еді. Сол себептен, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі санитарлармен бірге қар тазалауға қол ұшын созды. Бізде кейде жүргізушілерден бастап басқа қызметкерлер де көмектеседі. Тіпті мен және менің орынбасарым да қар тазалауға шықтық. Онда тұрған ештеңе жоқ", – дейді аурухананың бас дәрігері Гүлшахира Қамбарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956530-almatyda-auruxana-aulasynda-qar-tazalap-zurgen-medicina-qyzmetkerleri-qyzu-talqyga-tusti-video/