"29 градус аяз": Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Дегенмен еліміздің солтүстік жартысында қар жауып, боран соғып, желдің күші 15-23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Одан бөлек, республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы да мүмкін.
Сонымен қатар, еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градусқа дейін, шығыста 10-29 градусқа дейін аяз күтіледі.
Ал оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы -5 градус пен +5 градус аралығында құбылса, батыста 10 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы көктем мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1957100-29-gradus-ayaz-sinoptikter-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/