Қатты мас болған: ШҚО-да 4 баланы қаққан мас жүргізуші алты жылға сотталды

Опубликовано:

Үкім
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында 4 баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудандық соттың мәліметіне сүйенсек, Жаңа Шүлбі ауылының тұрғыны ішімдік ішіп алып, Mitsubishi автокөлігін тізгіндеген.

Кенет көлік жолдан шығып кетіп, жер үйдің сыртында ойнап жүрген төрт қызды қағып кетті. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, 31 жастағы ер адам қатты мас болған.

Қыздардың жасы – 12, 11, 10 және 6-да. Жол апаты салдарынан 10 жастағы бала сол жерде мерт болды, тағы екеуі ауыр дене жарақатын алған.

Сот шешімімен айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, жазаны қатаңдатуды сұрап, апелляцияға берді. ШҚО соты үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Алайда Жоғарғы сот Бородулиха аудандық және облыстық соттардың шешімін бұзып, істі жаңа талқылауға жіберген.

Апелляциялық үкім бойынша Жаңа Шүлбі ауылының тұрғыны алты жылға түрмеге қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957357-qatty-mas-bolgan-sqo-da-4-balany-qaqqan-mas-zurgizusi-alty-zylga-sottaldy/