jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы біржыныстылар мен жынысын ауыстырғандарға пәтуа шығарды

ЛГБТ
фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТ өкілдеріне (лесбиян, гей, бисексуал және трансгендер сөздерінің қысқартылып берілген атауы) қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Шариғатымызда еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – харам.

Сол секілді шариғатта жыныс мүшесін ауыстыру да - аса ауыр күнә. Себебі бұл Жаратушының жаратылысын өзгерткен болады. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен.

Жыныс мүшесін ауыстыру ер мен ердің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына жол ашады. Алла Тағала адамзатты, тіпті жануарларды да еркегін ұрғашысына және ұрғашысын еркегіне құштарлы етіп жаратқандықтан бір жыныстағылардың өзара жыныстық қатынасқа түсуі адам жаратылысы мен табиғатына қайшы.

Сондықтан ер мен ердің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуі және жыныс мүшесін ауыстыруы – үлкен күнә.

Лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендердің іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам. Бұл адам баласының жаратылысына қайшы келеді", - делінген Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған пәтуада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы біржыныстылар мен жынысын ауыстырғандарға пәтуа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.