jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Air Astana Украинадағы қазақстандықтарға арналған арнайы рейстің нақты уақытын хабарлады

Көрнекі фото
Көрнекі фото: facebook/airastana

Қазақстан азаматтарын елге қайтаратын арнайы рейс Польшаның Катовице қаласынан ұшып шығады деп жоспарланып отыр. Рейс 26 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де ұшпақ, деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

"Air Astana Украинадағы қазақстандықтарды арнайы рейспен Катовице (Польша) қаласынан Атырауға әкелуді жоспарлап отыр. Катовицеден ұшақ 26 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де ұшып шығады. Жолаушылар Қазақстанның Украинадағы елшілігі ұсынған тізім бойынша тіркеледі. Қазақстандықтар рейске отыру үшін 25 ақпан күні Львов қаласы Замкнен көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан елшілігінде жиналуға тиіс.

Байланыс телефондары. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуына болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49", - деп хабарлайды әуекомпания өкілдері.

Air Astana Украинадағы қазақстандықтарға арналған арнайы рейстің нақты уақытын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.