Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - отбасы үшін бақытты сәт": Киевте тұрғындар бас сауғалайтын жерде нәресте дүниеге келді

Опубликовано:

Киев
Фото: Facebook.com/natalka.makogon

Киевтіктер қаладағы аласапыран кезінде дүниеге келген нәрестенің ата-анасын құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Korrespondent.net басылымына сілтеме жасап.

Киев метрополитенін уақытша паналаған тұрғындар жаңа туған сәбидің батырлардай мықты болуын, өмірінің жеңісті сәттерге толы болуын тілеген.

Киевте бейбіт тұрғындар паналайтын жерде туған сәби туралы Киев метросы басшысының орынбасары Наталья Макогон хабарлады.

"Нәресте метро бекетінде емес, тұрғындар уақытша пана тапқан басқа бір жерде дүниеге келді. Алайда қандай жағдай болмасын, бұл - отбасы үшін бақытты сәт!", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Киев метросы басшысының орынбасары Наталья Макогон Украина астанасындағы метро бас сауғалау режиміне көшкенін мәлімдеді. Жолаушылар тасымалы тоқтатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958144-bul-otbasy-usin-baqytty-sat-kievte-turgyndar-bas-saugalaityn-zerde-nareste-duniege-keldi/

pixel