jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қорғаныс министрлігі әскерилердің Украинаға жіберілетіні туралы қауесетті жоққа шығарды

әскерилер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери қызметшілердің Украинаға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. Алайда еліміздің Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады StopFake.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның әскери қызметкерлерін Украинаға не басқа елдерге жіберу туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ.

"Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел президентінің тиісті ұсынысы негізінде парламент қабылдайды.

Қазақстан әскери қызметшілерін Украинаға немесе одан басқа елге жіберу туралы сұрау түскен жоқ және тиісті түрде қаралып та жатқан жоқ.

Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстігіне қарай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Одан өзге, аталған кезеңде Алматы облысынан Ақтау гарнизонының әскери бөлімін жасақтауға әскери автомобиль техникасы жіберілді", – дейді министрліктен.

Қорғаныс министрлігі әскерилердің Украинаға жіберілетіні туралы қауесетті жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.