jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БАҚ: Украина Ресеймен Беларусьте келіссөз жүргізуге келісті

    бос кеңсе11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Украина Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөз жүргізуге келісті. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі, ресейлік делегацияны басқаратын Владимир Мединский мәлімдеді деп, хабарлайды ТАСС.

    "Шамамен сағат 15:00-ге таман бізге келіссөздің болатыны жайлы хабарлама түсті. Келіссөз біз ұсынғандай Гомель облысында", - дейді Мединский Ресейдің Минскідегі елшілігінен.

    Оның сөзінше, ресейлік делегация Минскіден Гомельге жолға шыққан.

    "Қазір біздің барлық делегация Гомель облысына бара жатыр", - дейді Ресей президентінің көмекшісі.

    Сонымен қатар, Мединский Ресей Украина тарабының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік беретінін атап өтті.

    Оның айтуынша, қазіргі таңда Украина тарабының қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілетін жол бағыты мен Гомель облысы аумағындағы анағұрлым тиімді жер таңдалып жатыр.

    "Біз өз тарабымыздан бағыттың, жолдың жүз пайыз қауіпсіз болатынына кепілдік береміз және сол жерде Украина әкімшілігінің делегациясын күтетін боламыз", - дейді Владимир Мединский.

    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

    Айта кетейік, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін хабарлаған еді.

    Бұған қатысты Украина президенті Владимир Зеленский жауап беріп, келіссөз алаңы ретінде Беларусь территориясын емес, басқа да қалаларды таңдауға болатынын айтқан еді.

    Оның сөзінше, Киев Ресей тарабына келіссөз алаңы ретінде - Варшава, Будапешт, Стамбұл, Баку сынды қалаларды ұсынған.

    БАҚ: Украина Ресеймен Беларусьте келіссөз жүргізуге келісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.