Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға ұшты

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстандықтар мінген екінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтанға ұшып кетті. Бұл туралы Air Astana Telegram каналында хабарлады.

Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Катовице қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 15:44-те ұшып кеткен.

Ұшақ елордаға сағат 21:35-те келеді деп күтіледі. A320 Airbus бортында 120 жолаушы бар.

"Отанына ұшып кеткісі келетін қазақстандықтардың тізімі жасақталған соң, келесі репатриациялық рейстер орындалатын болады. Барлық қазақстандықтар Қазақстан үкіметімен келісім бойынша үйлеріне тегін жеткізіледі", - деп хабарлады Air Astana.

Еске сала кетсек, бұған дейін 28 ақпанда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға келгенін жазған едік.

Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958678-ukrainadan-evakuaciyalangan-qazaqstandyqtar-mingen-ekinsi-reis-nur-sultanga-usty/

pixel