Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте қорқынышты болды": Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың тағы бір легі елге оралды

Жарияланған күні:

Әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

Украинадағы қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ түнде Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, әуе кемесінде 130-дан аса жолаушы болған. Ұшақ Польшаның Катовице қаласынан, ұшып шыққан.

Әуежайда оларды журналистер күтіп алған. Қақтығыс алаңынан елге аман оралған отандастарымыз, бастан кешкен қиыншылықтарымен бөлісті.

"Өте қорқынышты болды. 24-і күні таңертең Киевте жарылыстар естідім. Соғыс басталғанын жариялады. Қайда барарымызды білмей қалдық, барлық жер, әуежайлар жабық болды. Адамдар жан-жаққа қашып жатты, кептелістер көп, барар жеріміз қалмай, сонда қонып шықтық, түнімен жарылыстар естілді, қатты қорқықтық. Таңертең елге кетуге бел будық. Жолдасым украиналық болғандықтан сонда қалды", - дейді жолаушы Дана.

"Мен Киевтің өзінде болдым. Киевтің солтүстігіне диверсанттар тобы келе бастағанда мен дайын болдым. Жарылыстан оянғаным есімде, жеке заттарымды жинап, бірден қозғалдым. Бірдеңе басталғанына жұрт сене алмады. Зымырандар жерге түсуге үлгермей, ауада жарылып жатты", - дейді тағы бір қазақстандық азамат Артем Шалхаков.

Еске сала кетсек, бұған дейін 28 ақпанда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға ұшып келгенін хабарлаған едік.

Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби болған.

Ал 1 наурызда қазақстандықтар мінген екінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Бортта 120 жолаушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959222-ote-qorqynysty-boldy-ukrainadan-evakuaciyalangan-qazaqstandyqtardyn-tagy-bir-legi-elge-oraldy/