jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Песков: Путиннің Украина шекараларын қалыптастыру туралы пікірінің Қазақстанға қатысы жоқ

    Дмитрий Песков
    Дмитрий Песков. Фото: kremlin.ru

    Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаны "декоммунизациялау" және шекараларын қалыптастыру туралы айтқан пікірі Қазақстан мен бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған республикаларға қатысты емес. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

    Сәрсенбі күні өткен брифинг кезінде журналистер Песковқа Владимир Путиннің Украинаны "декоммунизациялау" және шекараларын қалыптастыру туралы айтқан сөзінің бұрынғы КСРО құрамында болған республикалар мен Қазақстанға қатысы бар ма деген сұрақ қойды.

    «Жоқ, қатысы жоқ. Қанша қаласақ та, біз бұл жерді тарихи пікірталас алаңына айналдыра алмаймыз. Келесі бір баспасөз конференцияларында және президенттің журналистермен кездесуі кезінде сіздер осындай қосымша сұрақтар қоя аласыздар деп үміттенемін", - деді Песков.

    Айта кету керек, бұған дейін Путин 21 ақпанда ресейліктерге жасаған үндеуінде Украинада Ленинге арналған ескерткіштер алынып жатқанын сөз етіп, бұл жайтты қатаң сынға алған. Ол Ленинді Украинаның "авторы" әрі "сәулетшісі" деп атады.

    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
    «Большевиктер саясатының арқасында кеңестік Украина пайда болған. Оны (Украинаны - ред.) біз қазіргі күні де "Владимир Ильич Ленин атындағы Украина" деп толықтай атауымызға негіз бар. Ол (ред. - Ленин) оның авторы және сәулетшісі. Бұған архив құжаттары, оның ішінде, былайша айтқанда, Украина құрамына енгізіліп кеткен Донбасс бойынша да лениндік қатаң директивалар дәлел бола алады.

    Ал бүгінде ұрпақтары "ризашылығын білдіріп", Ленинге арналған ескерткіштерін алып тастап жатыр. Сіздерге декоммунизация керек пе? Жарайды, бұған біз де қарсы емеспіз. Жарты жолда тоқтап қалмайық. Украина үшін нағыз декоммунизацияның не екенін көрсетуге дайынбыз", - деп мәлімдеді Путин.

    Песков: Путиннің Украина шекараларын қалыптастыру туралы пікірінің Қазақстанға қатысы жоқ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.