Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 немере 37 шөбересі бар әже ұрпағының алақанынан су ішті

Опубликовано:

Батыр ана
Видеодан кадр: Qazaqstan ұлттық телеарнасы

Елордада тұратын батыр ана Гүлшара Үмбетова жыл сайын көктем мерекесімен тұспа-тұс келетін туған күнін жан-жақтан жиналған бала-шаға, немере-шөберелерімен бірге атап өтеді. Бүгінде 79-ға аяқ басқан әжей 37 немере және 34 шөбере сүйіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл Гүлшара Үмбетқызы көптен бері ойында жүрген арманын іске асырды. Туған күнінде ақ жаулықты әжей қазақтың дәстүріне сай шөберелерінің алақанынан су ішті.

20 жасында келін атанып, 13 құрсақ көтерген батыр ана бүгінде 37 немере, 34 шөбере сүйіп отыр.

"Жолдасыммен 1963 жылы бас қосқанмын. 49 жыл өмір бірге сүрдім. Алтын тойымызға сегіз ай қалғанда ол кісі қайтыс болып кетті. Негізі біз қызылордалықпыз. Жалағаш ауданында жолдасым екеуміз 30 жыл өмір сүрдік. Жолдасым шопыр болды. Одан балаларымыз көбейгенде мал бағып көрейік деп, он жыл мал бақтық. Содан кейін зейнетке шығып, Қызылорда қаласына көштік. 10 жыл сонда отырдық. Балаларымыздың алды 2000 жылдары осы астанаға жылжи бастады. Біз 2007 жылы көшіп келдік", - дейді зейнеткер жүріп өткен өмір жолы жайлы.

Гүлшара Үмбетқызының сөзінше, шөберенің қолынан су ішуге жеткен де, жетпеген де бар.

Көптен бері ойында жүрген арманы орындалған әулеттің анасы жиын соңында үрім-бұтағына батасын беруді де ұмытпады.

Шөберенің алақанынан май жалау, су ішу дәстүрі - қазақта әдемі қарттықтың бір белгісі саналады. Шөбере қолынан су ішкен адам бұл дүниеде бақытты, о дүниеде де жолы ашық, жеңілдік болады деген сенім бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959510-34-nemere-37-soberesi-bar-aze-urpagynyn-alaqanynan-su-isti/

pixel