jitsu gif

Қазақстанда қандай гүлдер жоғары сұранысқа ие

Гүл
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға шетелден әкелінетін гүлдерге қатысты қызықты деректерді бөлісті. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Комитеттің дерегінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға жалпы құны 8,5 млн АҚШ доллары болатын 1 085 тонна гүл әкелінген.

Одан бөлек, ведомство елімізде жоғары сұранысқа ие - раушан гүлдері екенін атап өтті. Мәселен, биыл Қазақстанға 6 млн долларға 724 тонна раушан гүлі әкелінген.

Екінші орында хризантема. Биыл 883 мың долларға 97 тонна хризантема әкелінген. Үшінші орында қалампыр. Биыл 165 мың долларға бұл гүлдің 28 тоннасы әкелінген.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде лалагүл де жоғары сұранысқа ие екенін айта кетті. Биыл 178 мың АҚШ долларына 24 тонна лалагүл сатып алынған.

Сондай-ақ, биыл 167 тонна жаңа кесілген гүлдер мен бүршіктер де (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер) әкелінген. Оның құны 1,1 млн долларды құраған.

Биыл гүлдер Қазақстанға Нидерланды, Бельгия, Германия, Эквадор, Литва, Колумбия, Өзбекстан, Кения, Словакия, Израиль және Түркия елдерінен әкелінген.

Айта кетейік, өткен жылы да елімізде раушан гүлдері жоғары сұранысқа ие болған.

Сонымен қатар, 2021 жылы Қазақстанда өсірілген гүлдер де экспортқа шығарылған. Мәселен, құны 71,4 мың доллар болатын 17,8 тонна гүл шетелге жөнелтілген. Экспортталған гүлдердің көпшілгі раушан гүлдері мен лалагүлдер екен.

Қазақстанда қандай гүлдер жоғары сұранысқа ие

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.