Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Қазақстаннан Ресейге ұшатын кейбір рейстердің тоқтатылу себебін түсіндірді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы тәулікте Air Astana Ресейге ұшатын кейбір рейстерді тоқтатты. Бұған бірқатар қазақстандық наразылығын білдірген еді. Осы орайда Air Astana әуе компаниясы жағдайды баяндап, түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Air Astana Ресейге ұшатын кейбір рейстерде тоқтатқанын айтып, шағымданған болатын. Олар өз сөздерінде рейстердің жүзеге аспауы бірқатар проблемалар әкелгенін жеткізді.

Ал Air Astana компаниясы клиенттердің арызына құлақ түріп, көпті мазалаған сауалға жауап берді.

"Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей Федерациясының қалаларына ұшатын бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Мәскеуге ұшып баратын рейстер жүзеге асып жатыр", - деді Air Astana өкілдері.

Сонымен қатар, әуе компаниясы аталған мәселелерді тез арада шешуге тырысатынын хабарлады.

"Бәрі біз ойлағандай болса Air Astana және FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына әуе рейстерін жалғастырады", - деді компания.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959928-air-astana-qazaqstannan-reseige-usatyn-keibir-reisterdin-toqtatylu-sebebin-tusindirdi/

pixel