Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбұлақтағы атыс: Алматылық ер адамның ісі сотқа жетті

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен жылы қыркүйек айында полицейлер мен жеке сот орындаушыға оқ жаудырған Алматы тұрғынына қатысты іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Алматыдағы қайғылы жайт 2021 жылғы 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы атыс кезінде қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушыны мемлекеттік наградаларымен марапаттаған болатын.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев атыс кезінде қаза тапқан полицейлер - Нұрбол Байғазиев пен Дархан Сүлеевтің отбасына пәтер кілтін табыстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960065-aqbulaqtagy-atys-almatylyq-er-adamnyn-isi-sotqa-zetti/

pixel