Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыста қаза болған полицейлердің отбасына пәтер кілті табысталды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан екі полицейдің отбасына пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкім қайтыс болған тәртіп сақшыларының әйелдеріне тағы да көңіл айтты.

"Алматы әкімдігінің бастамасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларына сот шешімін орындау үшін қолдау көрсету мақсатында қабылданды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сағынтаев пен қаза болған полицейлердің туыстары
Фото: Алматы әкімдігі

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болған.

Қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936688-almatydagy-atys-qaza-bolgan-policeilerdin-otbasyna-pater-kilti-tabystaldy/

pixel