jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде жауды (фото)

Шымкентке айлық мөлшерде жаңбыр жауды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласында 9 наурызда жауған жаңбырдың мөлшері бір айлық нормадан асып, 28 мм-ді құраған. Негізгі айлық көрсеткіш 26 мм, деп хабарлайды әкімдік сайты.

Ведомствоның мәліметінше, мөлшерден тыс жауған жауын салдарынан қаладағы бірқатар көшені су басқан. Дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңбыр суын сору жұмыстары 44 мекенжайда жүргізіліп, қауіптің беті қайтқан.

Шымкентке айлық мөлшерде жаңбыр жауды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Ауа райына байланысты туындаған қолайсыздықтарды жою үшін әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтердің мамандары енген жедел штаб құрылған.

Сонымен бірге, әр ауданнан арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов түнде жұмысшы топпен қаланы аралап, тиісті тапсырмалар берген.

Нәтижесінде 7 мың текше метрге жуық жауын суы сорылған.

Шымкентке айлық мөлшерде жаңбыр жауды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Бұл жұмыстарға 68 техника мен 35 дана мотопомпа, төтенше жағдайдың 200-ден астам қызметкері мен әкімдік, коммуналдық мекеме қызметкерлері жұмылдырылған.

"Қазгидромет" мамандарының болжамынша, алдағы бір аптада Шымкентте жауын-шашын жалғасады деп күтілуде.

Осыған орай, қалада су басу қаупіне қарсы арнайы топ құрылған.

Шымкентте айлық жауын-шашын мөлшері бір күнде жауды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.