Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кепілдік беремін": Ішкі істер министрі ел тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Марат Ахметжанов11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандықтарға үндеу жасап, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды қайтаруға шақырды. Оның сөзінше, қазірдің өзінде ерікті түрде 120 қару тапсырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрі бұл үшін ел тұрғындары жауапқа тартылмайтынын уәде беріп, қаруды тапсыруға шақырды.

"Мен сіздерге кепілдік беремін", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде нақты қанша адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Сонымен қатар, Қазақстандық құқық қорғаушы Айман Умарова мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасы туралы тың деректерді ұсынды.

Оның сөзінше, арнайы топ қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындалған.

Ал премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәжілісте қаңтар оқиғасынан кейінгі шығынның жалпы сомасын баяндады.

Сондай-ақ, қирап қалған нысандар қашан қалпына келтірілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960589-kepildik-beremin-iski-ister-ministri-el-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel