jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

бойжеткен12
Көрнекі фото: pixabay.com

Семей қаласында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Румия Нысанбекова 10 наурызда із-түссіз жоғалып кеткен.

"18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кетті. Сол күні үстіне қара-жасыл түсті күртеше мен сары қалпақ киген. Сондай-ақ қолында қара сөмкесі болған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылған.

13 наурызда отызға жуық адам оны дрон арқылы іздеді.

Осы ретте, полиция қызметкерлері бойжеткеннің қайда екендігі туралы қандай да бір мәлімет білетіндерге 8 (747) 349-57-17,8 (771) 349-57-17 нөмірлеріне немесе "102" жедел арнасына хабарласуға шақырды.

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.