Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын екі айға қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды сот ресми сайтында.

"2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Сот Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын хабарлаған еді.

Агенттіктің мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген.

Сондай-ақ, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын атап өтті.

Одан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдыұлының Алматы әуежайының аумағында ұсталғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960737-qairat-satybaldyuly-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel