Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзімнен жас шығып кетті": Қапшағайға Қонаевтың есімін беру ұсынысын тұрғындар қалай қабылдады (видео)

Опубликовано:

Қапшағай қаласының тұрғыны
Видеодан кадр: Хабар24

16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бірқатар ұсыныстар жасады. Олардың қатарында Қапшағай қаласына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру ұсынысы да бар. Осы орайда Қапшағай тұрғындары бұл жаңалықты қалай қабылдағанын айтып, пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Өз ойын ортаға салған тұрғындар президенттің пікірі орынды екенін, шаһарға ұлт көсемінің есімін беруді қолдайтынын және бұл қуанышты жаңалық екенін атап өтті.

"Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың есімін беру ұсынысы – бұл құптарлық іс. Көзінің тірісінде Қазақстанның тамырына қан жүгірткен тұлғамыз ғой", "Бұрыннан келе жатқан әңгіме еді", "Қапшағай қаласында 15 жылдан артық тұрамыз. Қапшағай атауын Қонаевқа ауыстыруды қолдаймыз, ол кісінің еңбегі көп", "Жақсы ұсыныс деп ойлаймын, өйткені Қонаев атамыз кезінде осы Қапшағайда қаншама жыл тұрды, қаланы өзі көтерді".

"Қуаныштымыз, естіп жатырмыз. Ол кісінің елімізге жасаған еңбегі көп. Әсіресе біздің қазақ жұртшылығына еңбегі сіңген адам ғой, өте қуаныштымыз", "Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атын беру ұсынысын қолдаймыз. Қонаев атамыздың еңбегі сіңген бұл жерге".

"Ақжолтай хабарды естігенімде көзімнен жас шығып кетті. Өйткені бұл өте қуанышты хабар болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған нүкте қойды", "Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атын беру үшін ұсыныстар жасағанбыз. Халық қуанып жатыр", - дейді тұрғындар.

Еске сала кетейік, Алматы облысы екіге бөлінетін болады. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болса, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961158-kozimnen-zas-sygyp-ketti-qapsagaiga-qonaevtyn-esimin-beru-turaly-usynysty-turgyndar-qalai-qabyldady-video/

pixel