Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланбақ: Вице-министр мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Наурыз
Видеодан кадр: Youtube/Dindill studio

Биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты - Қазақстандағы бейбітшілікті нығайту, азаматтарды елдің ортақ мақсатына жұмылдыру, рухани құндылық пен жалпы ұлттық құндылықтың қалыптасуына әсер ету болуы тиіс.

Дәуешовтің айтуынша, осыған орай, Наурыз мерекесін тойлауға арналған жаңа тұжырымдамалық тәсіл әзірленген.

Министрдің орынбасары Ұлыстың ұлы күнін өскелең ұрпақты экологиялық сауатты ету мақсатында пайдалану қажет екенін алға тартты. 

Оның сөзінше, Наурыз мейрамы ұарсаңында ел болып жаппай ағаш отырғызу және ауланы тазарту бойынша "Таза табиғат" акциясы басталмақ.

Нұрғиса Дәуешов Республика бойынша "әр жанұядан бір ағаш" челленджін өткізу ұсынылып отырғанын жеткізді.

"Ағаш отырғызу ауа райына байланысты өткізіледі. Әр аймақ өз өңіріндегі ауа райына қарай ағаш отырғызады. Сондай-ақ "Наурыз мейірімі" акциясын ұйымдастыру жоспарлануда. Балаларға сыйлық қоржындарын тарату бойынша бастама ұсынылды. Олар мейрамды ерекше сезіну керек. Оларды қуантқан абзал", - деді мәдениет және спорт вице-министрі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961479-nauryz-meiramy-zana-formatta-toilanbaq-vice-ministr-malimdeme-zasady/

pixel