Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды. Соның бірі Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы трасса, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Cұлтан қалалық әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап "Екатеринбург - Алматы" тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылған. Бұл - Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы трасса.

Тас жолдың жабылуына ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар тас жолдарының жабылғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961747-elimizde-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-birqatar-zol-zabyldy/

pixel