Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев өмірден өтті

Опубликовано:

Юрий Померанцев
Юрий Померанцев. Фото: Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының баспасөз қызметі

Танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев дүниеден өтті. Ақпан айында ол 99 жасқа толған еді. Қаралы хабарды Лермонтов атындағы орыс драма театры Instagram парақшасында хабарлады.

"Бүгін Алматыда қар жауды және біздің жүрегімізде қыс орнады... Юрий Борисович Померанцев қайтыс болды", - делінген театр хабарламасында.

Сонымен қатар, театр бұл елдегі және әлемдік мәдениеттегі орны толмас қаза екенін атап өтті.

Сондай-ақ, актермен қоштасу рәсімі өтетін орын мен күні кейінірек хабарланатыны белгілі болды.

Юрий Борисович Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте өмірге келген. 1943 жылы Алматыға келген.

Ол кеңестік және қазақстандық театр мен кино актері, режиссер, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек ері, ҚазССР Халық әртісі, көптеген наградалардың иегері.

Юрий Борисович "Біздің сүйікті дәрігер" комедиясындағы дәрігер Анатолий Николаевич Лавровтың рөлінен кейін көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Юрий Померанцевтің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961805-tanymal-qazaqstandyq-akter-yurii-pomercanev-omirden-otti/

pixel