jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Фото
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Ал республиканың оңтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.

25-26 наурызда еліміздің оңтүстік жартысында ауа райын Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын өтетін атмосфералық фронтальді бөлімдер анықтайды.

Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын, атап айтқанда жаңбыр мен қар күтіледі.

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын болады.

Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 2-15 градус аяз болса, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 3-11 градус аяздан 0-8 градусқа дейін көтеріледі.

Күндіз еліміздің солтүстігінде ауа температурасы 0-9 градус аязды көрсетсе, елдің оңтүстігінде 7-17 градусқа дейін жылы болады.

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.