Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі жарылғыш зат туралы жаппай хабарламадан кейін тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Алматы қаласы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 31 наурызда еліміздің бірқатар қаласында ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға жалған ақпараттар келіп түсті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ғимараттарға жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түскен соң келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланып, нысандарды қоршауға алынған.

Тиісті қызметтер мен мамандар арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен тексеріс жұмыстарын жүргізген.

Осы ретте, Ішкі істер министрлігі жарылғыш зат қойылғаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптағы санкцияға сәйкес, 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін, 31 наурызда Алматы полиция департаментіне қаладағы жеті нысанға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскен болатын. Алайда олардың ешбірінен күдік тудыратын зат табылмады.

Сондай-ақ Қарағандыда Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласында көлік салондары мен сауда ойын-сауық орталықтарына жарылғыш зат қойылды деген хат келіп түскен. Бірақ полиция ешқайсысынан жарылғыш зат табылмағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963000-iski-ister-ministrligi-zarylgys-zat-turaly-zappai-xabarlamadan-keiin-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel