Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 21 жастағы жігіт екі аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Өзен жағасындағы жігіт
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанай облысында жас жігіт екі аптадан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Алау" порталы.

Басылымның жазуынша, 21 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты "Дос" іздеу-құтқару жасағының еріктілері Instagram парақшасында жариялаған.

Полицияның мәліметінше, 2000 жылы туған Жарылғасынов Мейірбек Мейрамбекұлынан 17 наурыздан бері хабар жоқ.

Ол үстіне қара күртке, басына көк түсті бас киім мен аяғына қара бәтеңке киген.

Еріктілер жас жігітттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, 8 707 197 1848, 8 747 710 6071 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда қаласында 21 наурызда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз бір аптадан астам уақыттан кейін Алматын қаласынан табылғанын жазған едік.

Одан бөлек Түркістан облысының полицейлері 1 ай бұрын жоғалып кеткен және халықаралық іздеу жарияланған келіншекті аман-есен тапқан болатын.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде ол Жамбыл облысы Жаңатас қаласынан табылды.

Полицейлердің анықтауынша, жас келіншек азаматтық некедегі жұбайымен бірге жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963313-qostanai-oblysyna-21-zastagy-zigit-eki-aptadan-beri-tabylmai-zatyr-foto/

pixel