jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

БҒМ: Биыл білім гранттары бойынша ауыл квотасы тағы 5 пайызға өседі

жоо1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәжілісте өткен үкімет сағатында мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасы жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ерғалиевтің сөзінше, биыл ауыл квотасы тағы 5 пайызға өседі. Осылайша, ауыл квотасының көлемі 35 пайызға дейін артады. Үкіметке тиісті ұсыныс енгізілген.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл квотасы көп жағдайда игерілмей жатады. Оны жыл сайынғы статистика да растап отыр. Себебі мектеп түлектері ондай мамандықтарға құжат тапсырмайды.

"Гранттар жетіспей жатқан жоқ, мемлекеттік тапсырыс жетеді. Мәселе мынада, жастар ауылдағы мамандықтарға бармайды. Себебі жалақысы аз, статусы төмен, әлеуметтік пакеті де мардымсыз. Бұл – кешенді проблема. Мысалы, былтыр 21 пайыз грант игерілмей қалды", - дейді Қуаныш Ерғалиев.

Ал мәжіліс депутаты Павел Казанцевтың ойынша, бүгінде қала балалары ауыл квотасын өз пайдасына іске асыруда.

"Әріптестерімнің айтуына қарағанда, сол 30 пайыздық квотаға қала балалары да кіріп кетеді. Оқу соңында ауылға үш айға барады да, квотасын алғаннан кейін кетіп қалады, ветеринарияда қалмайды", - дейді Казанцев.

Айта кетейік, ауыл квотасы нақты мамандықтар бойынша бөлінеді. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды. Конкурс кезінде білім грантының 30 пайызы тек ауыл балаларына бөлінеді. Биылдан бастап оның көлемі 35 пайызға дейін артпақ.

БҒМ: Биыл білім гранттары бойынша ауыл квотасы тағы 5 пайызға өседі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.