Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлсай көліне батып бара жатқан итті құтқарған жігіт елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

ит құтқарған жігіт
Видеодан кадр: Instagram/krisp_almaty

Көлсай көліне батып бара жатқан итті мұздай судан алып шыққан жігіт желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мейірімді жан туралы видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болды.

"Көлсай көлінде оқиға куәгерлері мұз астына құлап кеткен итті видеоға түсіріп алды. Сонда демалушылардың бірі, бейтаныс ержүрек жігіт жүзіп барып, итті құтқарып қалған", - деп жазды автор.

Кейінірек итті құтқару сәтінің жақыннан түсірілген видеосы жарияланды.

"Көлсай көлдерінің бірінде жарылған мұз астына түсіп кеткен итті құтқарған ер адам осы. Есімі Уәлихан", - делінген видео сипаттамасында.

Уәлихан қазір өзін жақсы сезінетінін және денсаулығына еш қауіп төнбегенін айтқан.

Желі қолданушылары итті мұзды судан алып шығуда тәуекел еткен жігітке алғыс жаудырды. Олар ержүрек жігіттің денсаулығына алаңдаған.

"Уәлихан, сіз алтын адамсыз. Нағыз батырсыз, өміріңізді тәуекел етіп, итті құтқарып қалдыңыз. Сіз ерлік пен батылдықтың үлгісісіз. Ата-анаңыз жақсы тәрбие беріпті. Денсаулығыңыз мықты болсын, бар жақсылықты тілеймін", "Сіз нағыз ержүрек батырсыз, қайырымды іс жасадыңыз. Осындай мұздай судан екінің бірі жүзіп барып итті алып шықпас еді. Мені таң қалдырдыңыз", Сіз мықтысыз, денсаулығыңыз жақсы ма?" , - деп жазған пікір білдірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963436-kolsai-koline-batyp-bara-zatqan-itti-qutqargan-zigit-eldi-tanti-etti-vido/

pixel