jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Медицина жұртшылығы хабарды естіп алаңдауда": Ажар Ғиният Алматыдағы дәрігердің өліміне пікір білдірді

Юрий Шумков
Юрий Шумков. Фото: Giniyat Azhar/facebook

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікір білдірді. Министрлік басшысы өзінің Facebook парақшасында арнайы жазба қалдырған.

"Қазақстанның медицина жұртшылығы Алматы қаласындағы гастроэнтерология институтында көп жылдар бойы қызмет атқарған белгілі гастроэнтеролог - дәрігер Юрий Петрович Шумковтың өлтірілгені туралы хабарды естіп қатты алаңдауда.

Жеке өз атымнан және денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан қайғылы қазаға ұшыраған дәрігердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.

Бұл оқиға республиканың денсаулық сақтау саласы үшін жантүршігерлік аса ауыр қайғы болып отыр, бейбіт уақытта дәрігерлерге жауыздық танытқан, өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтін адамның қолынан қаза тапты.

Отандық медицина гастроэнтерологияның дамуына зор үлес қосқан, жүздеген пациентті жоғары медициналық білімінің арқасында емдеп, өмірін сақтап қалған аса білікті маманынан айырылды.

Үш бала жетім қалған, ал қарт ата-анасы ұлынан айырылған қаза тапқан дәрігердің отбасы үшін қайғылы оқиғаның аса ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес", - деп жазды министр.

Ажар Ғиният аталған іс бойынша тергеу амалдарының жан-жақты өтіп, қайғылы оқиғаға кінәлілерді заңның барлық қатаң талаптары бойынша жазалайды деген сенім білдірді.

"Әрбір осындай инцидент бүгінде заңнамалық тетіктердің көмегімен медицина қызметкерлерінің құқықтарын сенімді қорғауды қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығы үшін қорықпай қауіпсіз еңбек етуіне кепілдік беретін құқықтық нормаларды қабылдау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі. Жақын арада ол парламенттің қарауына енгізілетін болады", - деп жазды ол.

"Медицина жұртшылығы хабарды естіп алаңдауда": Ажар Ғиният Алматыдағы дәрігердің өліміне пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.