jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістан облысында қарапайым ауыл оқушысы АҚШ-тағы 8 университеттің грантын жеңіп алды

оқушы қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында 11-сынып оқушысы АҚШ-тағы 8 университеттің грантын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 бірдей білім грантын иеленген Жанерке Зейлбекова Түркістан облысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінде оқиды.

Ол 9-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеруге ден қойған. Семинарлар мен курстарға қатысып, білімін жетілдірумен келеді. Басты мақсаты - Назарбаев университетіне түсу болатын.

Жанерке былтыр шетелдік университеттер жариялаған онлайн олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, бағын сынап көрген. Соның нәтижесінде АҚШ-тағы 8 университеттен оқуға шақырту алған.

Мектеп директоры Қалдыгүл Тұрсынбекованың айтуынша, Жанерке - өте зерек оқушы.

"Қашықтықтан оқу форматына ауысқан кезде уақытын босқа өткізбей, ағылшын тілі бойынша сабақтарға қатысып жүрді. Репетитор жалдап, онлайн дәріс алды. Мінезі салмақты, қарапайым ғана ауылдың қызы. Ешқандай гимназия, лицей емес, жай сыныпта оқиды. Бостан, Нью-Йорк, Чикаго қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарынан шақырту келіпті. Біз ауыл болып қатты қуанып жатырмыз", - дейді ол.

Қазір Жанерке алдағы емтихандар мен сынақтарға дайындалып жатыр. Құжаттарын Түркия университеттерінің біріне де өткізіп қойған.

Білімді шәкірт жетістікке жетуіне себепші болған ұстаздарына дән риза. Ал өзі келешекте дәрігер болуды армандайды.

Түркістан облысында қарапайым ауыл оқушысы АҚШ-тағы 8 университеттің грантын жеңіп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.