Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы бір жоғарғы оқу орны лицензиясынан айырылды

Опубликовано:

Университет аудиториясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бас лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі ресми сайтында.

БҒМ-ның білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекованың айтуынша, университетті тексеру барысында көптеген заң бұзушылық анықталған.

Мысалы, оқытушылардың бір уақытта әр түрлі тілде оқитын екі түрлі топта сабақ өткізу фактілері.

"Бірақ мұғалімдердің оқу жүктемесінде әр топ бойынша аудиториялық сабақтар бөлек есептелген.

Одан бөлек, университетте кейбір сабақтар мүлдем өткізілмеген. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген. Сонымен бірге Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттерді оқытқан білім беру бағдарламалары Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енгізілген бағдарламаларға сәйкес келмеді.

Нәтижесінде студенттер оқу пәндерін толық меңгермеген. Сондай-ақ оқу процесі сапалы профессорлық-оқытушылық кадрмен қамтамасыз етілмеген", - дейді Эльвира Сапарбеков.

Сонымен қатар министрлік тексеру кезінде аталмыш институтта сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі мен қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы анықталғанын атап өтті.

"Бірқатар білім беру бағдарламасы бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер жоқ, яғни студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалмаған", - дейді БҒМ.

Бұл тест тапсырған студенттердің білім нәтижесінен байқалған. Себебі, институт студенттерінің 90 пайызы шекті балды жинай алмаған.

Осы орайда министрлік үлгілік қағидалардың нормаларына сәйкес, студенттер университет лицензиясынан айырылған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963544-elimizde-tagy-bir-zogargy-oqu-orny-licenziyasynan-aiyryldy/

pixel