Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Досаев Алматыда кісі қолынан қаза тапқан дәрігердің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев марқұм дәрігер Юрий Шумковтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Танымал гастроэнтеролог-дәрігер Юрий шумковтың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл отбасы үшін және еліміздің бүкіл медициналық қауымдастығы үшін нағыз трагедия.

Біз отбасылық дәстүрді жалғастырып, 20 жылдан астам өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған, адам өмірін сақтап қалу үшін бар күші мен білімін берген тамаша дәрігерден айырылдық. Мәңгі жадымызда", - деді қала әкімі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда белгілі дәрігер Юрий Шумковты белгісіз біреу аңшы мылтығымен атқанын жазған едік.

Алматы полиция департаменті "Ұстау" арнайы жоспарын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікір білдіріп, марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963609-erbolat-dosaev-almatyda-kisi-qolynan-qaza-tapqan-darigerdin-otbasyna-konil-aitty/

pixel