Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды

Опубликовано:

Жылу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда 2021-2022 жылғы жылыту маусымы бүгін, 5 сәуірде аяқталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматыда жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қаладағы орташа тәуліктік ауа температурасының 8 градус және одан да жоғары болуына байланысты қабылданған.

Мұндай ауа температурасын гидрометеорологиялық қызмет бес күн бойы тіркеген. Сонымен қатар ұзақмерзімді ауа райы болжамы да назарға алынған.

"Алматы қаласының әкімдігі 2021-2022 жылғы жылыту маусымын 2022 жылғы 5 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады билік өкілдері.

Еске сала кетсек, Алматыда өткен жылы 2 қазаннан бастап жылу берілгенін жазған едік.

Сол кезде қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен қаладағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты жылыту маусымы ертерек басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963622-almatyda-zylytu-mausymy-qasan-ayaqtalatyny-belgili-boldy/

pixel