Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оң емес, сол көзіне жасап әкелді": Белгілі блогер дәрігер қателігінен 4 жасар ұлы жапа шеккенін жеткізді

Опубликовано:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі блогер Айдын Тоқсанбаева Instagram парақшасында Алматыдағы балалар ауруханасы дәрігерлерінің қателігінен баласы жапа шеккенін айтып, жанайқайын жеткізді. Көпбалалы ананың айтуынша, ақ халаттылар ұлының оң көзіне жасалуы керек болған отаны сол көзіне жасап тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ұлымның оң көзіне ет (киста) өскен. Түйіні жақында түсіп қалды. Бірақ дәрігер оның тамырын алып тастау керек деді. Біз барлық құжатты жинап, квотамен ауруханаға жаттық. Кеше түнде баламды операцияға алып кетті. Бірақ операцияны оң көзіне емес, сол көзіне жасап әкелді. Не дерімді білмедім. Неге сол көзіне жасаған, оң көзінде еді ғой ", - деп еңірейді науқас баланың анасы.

Блогердің сөзінше, дәрігерлер оған өскіннің сол көзінде болғанын, сондықтан операцияны сол көзіне жасағанын алға тартқан.

"Сіздер түсінесіздер ме, біз қанша тексерілдік, қан талдауын өткіздік. Менің шатасуым мүмкін емес", - дейді ол.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Ведомство дәрігерлердің операцияны сәтті орындағанын атап өткен.

"4 жасар науқас 5 сәуір күні жоспар бойынша Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына, офтальмология бөлімшесіне түсті. Операция бөлмесінде анестезия жағдайында оң жақ жоғарғы қабақтың ревизиясы жасалды, онда халазион орны бар, ол өздігінен тоқтағандықтан хирургиялық араласуды қажет етпеді.

Хаттама бойынша сол жақ қабақтың ревизиясы жасалып, онда көлемі кішірек халазион анықталды. Жүргізілген анестезияны ескере отырып, халазионды алып тастау туралы шешім қабылданып, ол алынып тасталды. Операциядан кейінгі баланың жағдайы тұрақты. Негізгі ауруды емдеу офтальмология бөлімінде жалғасады", - дейді қоғамдық денсаулық басқармасы өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963940-on-emes-sol-kozine-zasap-akeldi-belgili-bloger-dariger-qateliginen-4-zasar-uly-zapa-sekkenin-zetkizdi/

pixel