Колледждерде білім грантының саны 45 мыңға артады: Министрлік мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артады, ал барлығы 125 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ресми Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомство дерегінше, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған, ол үшін "Білім туралы" Заңға өзгерістер енгізілге, енді көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттардың 5 пайызын, толық емес отбасылардан шыққан балаларға - 1 пайызын, физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балаларға-1 пайызын бөлу көзделген.
Министрлік ақпаратына сәйкес өткен жылы колледждерге қабылдау 10 мыңға артып, 166 мың адамды құраған, оның ішінде 93 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) түскен, соның ішінен 67%-ы квоталық санаттар бойынша өткен (61,9 мың адам).
"Бүгін біз техникалық мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты, сондықтан 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ын (қазір 45%) металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету сияқты бағыттар құрайтын болады",- делінген БҒМ хабарламасында.
БҒМ дерегінше, әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жасап жатыр. 30 сәуірден бастап облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының сайттарында мемлекеттік тапсырыс көзделген мамандықтар туралы ақпаратпен танысуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963975-kolledzderde-bilim-grantynyn-sany-45-mynga-artady-ministrlik-malimdeme-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.