jitsu gif

Шаңды дауыл, тұман, көктайғақ: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

шаңды дауыл74
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, облыстың оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Түркістан облысының тауларында найзағай, таңертең және күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Қарағанды облысында солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз облыстың шығысында найзағай болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, 9 сәуірде солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 8 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Шаңды дауыл, тұман, көктайғақ: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.