Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы әкімдігінің Қапшағайдағы ойынхана ғимаратына көшетіні рас па

Опубликовано:

Казиноның ішкі көрінісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімдігінің Қапшағайдағы ойынханалардың бірінің ғимаратына көшеді деген ақпарат тарады. Бұған қатысты өңір әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Бұл жалған ақпарат, қауесет сөз. Жұмыс комиссиясы құрылды және қаладағы әртүрлі нысанды қарап жатыр. Әкім аппараты орналасатын ғимарат әлі қаралып жатыр", - дейді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Сарсеев.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауы кезінде бірнеше жаңа облыс құру туралы ұсынысын айтқан еді.

Оған сәйкес Алматы облысының құрамынан Жетісу облысы бөлініп шығады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады. Енді бұл қала аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталады.

Ал құрылайын деп жатқан Жетісу облысының құрамына 8 аудан, 2 қала мен 352 ауылдық округ, Алматы облысының құрамына 9 аудан, 1 қала мен 380 ауылдық округ кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964191-almaty-oblysy-akimdiginin-qapsagaidagy-oiynxana-gimaratyna-kosetini-ras-pa/

pixel