Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1500 сөз жаттап алған": Ағылшын тілін үйреніп жүрген 82 жастағы түркістандық қария туралы не білеміз

Опубликовано:

Көзілдірік
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Кентау қаласында күн сайын қолына кітап-дәптерін алып, ағылшын тілін үйреніп жүрген Құрманбек Дайрабай есімді 82 жастағы қария тұрады. Қарт кісі бүгінде шет тілінің 1500 сөзін жаттап алған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Құрманбек Дайрабай аптасына үш рет тілдерді оқыту орталығына барып, ағылшын тіліндегі сабаққа қатысады.

Оның сөзінше, білім алу жас талғамайды.

"Тіл үйрену - бүгінгі күннің басты талабы. Үйде немерелерім бір-бірімен ағылшынша сөйлеседі. Оны мен түсінбеймін. Сол себепті, тілге деген қызығушылығым оянды. Әкімдікте тегін үйрететін мекеме де бар екен. Бардым. Алғашқы курсты бітірдім. Қазір үйде немерелеріммен ағылшынша сөйлесетін кездеріміз көп", - дейді Құрманбек Дайрабай.

Кентау қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Ақмарал Өтепбаеваның сөзінше, Құрманбек ақсақал тіл үйренушілердің арасында ең белсендісі болған.

Оның айтуынша, Құрманбек Дайрабай "А-1 – beginner" деңгейін толық меңгеріп, сертификат алған.

"Атамыз сабаққа оффлайн қатысып, ағылшын тілін нөлден бастап үйренді. Қарапайым фразалар мен ережелерді, оқу және жазуды меңгерді. Қазір ағылшынша қойылған сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. Ол кісі тіл үйренушілердің ішіндегі ең белсендісі, тәртіптісі бола білді. Аптасына үш рет болатын сабақтан бірде-бір рет қалған емес", - дейді ол.

Қазіргі уақытта ақсақал ағылшын тіліндегі сөздерді құрап оқи алады. Енді келесі кезең бойынша сабақтың басталуын күтіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964213-1500-soz-zattap-algan-agylsyn-tilin-uirenip-zurgen-82-zastagy-turkistandyq-qariya-turaly-ne-bilemiz/

pixel