Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су деңгейі көтерілуі мүмкін: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, таулы өңірлерде қатты жауын-шашын түсуіне байланысты 9-11 сәуір аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы аудандарындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

9 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 9-11 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

9 сәуірде Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

9 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, жел тұруы ықтимал. Найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар 9-13 сәуір аралығында Алматы облысы Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты синоптиктер қарлы тік жартастарға шықпауды ескертеді.

9 сәуірде Қызылорда облысының орталығында түнде шаңды дауыл тұрып, күндіз найзағай ойнап, қайта дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, облыстың орталығында күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

9 сәуірде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

9 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

9 сәуірде түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

9 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

9 сәуірде Қарағанды облысында солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964244-zel-zanbyr-naizagai-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel