Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен сарбаздың денесі табылды

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Елміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Facebook-тегі ресми парақшасында 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердишовтің денесі табылғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жауынгер жоғалған сәттен бастап оны іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілген.

Іздеу жұмыстары Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған және оған туыстары ат салысқан.

Сарбаздың мемлекеттік шекараны кесіп өткен-өтпегенін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы да хабардар етілген.

9 сәуірде Қырғызстан шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерден әскери киім элементтері табылғанын хабарлаған.

10 сәуірде Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырып, оқиға орнына барған. Оның барысында Ұ.А. Бердишовтің денесі табылған.

"Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство сарбаз өлімнің алдын ала себебі механикалық асфиксия екенін, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін мәлім етті.

11 сәуірде Шекара қызметі сарбаздың денесін ата-анасының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырған.

"Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Ұлықбек Бердишовтің туғандары мен жақындарына көңіл айтады.

Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті көмек көрсетуде", - деп қосты ведомстводан.

Еске сала кетейік, Ұлықбек Бердишов Меркідегі шекара заставасында отан алдындағы борышын өтеп жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964445-zambyl-oblysynda-bir-aidan-astam-uaqyt-buryn-zogalyp-ketken-sarbazdyn-denesi-tabyldy/

pixel