jitsu gif branding logo appbranding logo app

Оралда жоғалып кеткен мектеп оқушысы табылды

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Оралда мектептен шығып, жоғалып кеткен 12 жасар қыз бала табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Орал қаласындағы №24 мектепте оқитын қыз бала 11 сәуір күні шамамен сағат 14.30-да белгісіз бағытта шығып кеткен.

Үйіне оралмаған соң оған іздеу салынған.

Ведомство іздеу жұмыстарына өңірдің полиция департаментінің жеке құрамы тартылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, еріктілер де бой көрсеткен.

Дер кезінде қабылданған шешімнің нәтижесінде оқушы қыз түнгі сағат 22.10-да табылды.

"Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайы анықталу үстінде", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.