Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алаңға бармады деп ойлаймын": Қаңтардан бері туысын таппай жатқан отбасы көптен көмек сұрайды (видео)

Опубликовано:

Азат Жұманиязов
Азат Жұманиязов. Фото: almaty.tv

Қарақалпақстан тұрғындары Алматыда 4 ай бұрын жоғалып кеткен туысын шарқ ұрып іздеуде. Азат Жұманиязовтан 5 қаңтардан бері хабар жоқ. Куәгерлер оны соңғы рет "Алтын орда" базары маңынан көргендерін айтқан, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Азат Жұманиязовтың інісі Нұрлан Өтениязовтың айтуынша, 44 жастағы ағасы Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Ол осында қарапайым құрылысшы болып табысын тауып жүрген.

Алайда ер адам қаңтардағы дүрбелең кезінде үйінен шығып, қайтып оралмаған.

"Жеңгем күнде жылап хабарласады. Кішкентай қызы әкесін күнде сұрайды. Алаңға бармады деп ойлаймын. Себебі 5-і күні телефоны "Долан" жақта өшті дейді. Митинг қаланың ішінде болса, мүмкін біреу оны күштеп алып кетпеген болса, өз басымен барады деп ойламаймын", - дейді Азат Жұманиязовтың інісі Нұрлан Өтениязов.

Хабарсыз кеткен туысының өлі-тірісін біле алмай дал болған туған әпкесі де Қарақалпақстаннан келіп кеткен.

"Бауырым 8 ақпан 1978 жылы туған. Қаңтарда жоғалып кетті деген соң Алматыға арнайы келдім. Бауырымды тауып беруге жәрдем берулеріңізді сұраймын", - дейді Азаттың әпкесі Шырынгүл Жұманиязова.

Азат Жұманиязовтың туыстары Алатау аудандық полиция басқармасына 17 қаңтарда жүгінген екен. Алайда одан бері еш нәтиже жоқ.

"Алатау ауданы полиция басқармасының мәліметінше, Азат Жұманиязовты іздестіруге арналған арнайы тергеу тобы құрылып, іздестіру ісі қозғалды. Оның інісі Нұрланның айтуынша, Азат Қордай ауданындағы туысқан ағасына кетіп, сол күйі оралмаған. Қазіргі таңда іздестіру ісі әлі де жалғасып жатыр", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Салтанат Әзірбек.

Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған жақынын туыстары мәйітханадан да іздеп көрген. Өйткені арнайы еріктілер тобының іздеу жұмыстары аяқталған көрінеді.

"Денесін таппадық, демек тірі жүр" деген Азаттың туғандары фотодағы азаматты көрген-білгендер болса, ақпарат беруді өтінеді.

Материал авторы: Әлібек Шынтемір, Ғани Қалуов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965181-alanga-barmady-dep-oilaimyn-qantardan-beri-tuysyn-tappai-zatqan-otbasy-kopten-komek-suraidy-video/